| 18.05.2021, 06:54 | |
|
#МаданиетскаяСельскаяБиблиотека «Адалдық алаңы» жобасы аясында Мәдениет ауылдық кітапханасында «Парасат жолы» бұрышы ашылып, 5 сынып оқушылары үшін «Сыбайлас жемқорлық! Біз не білеміз, ол туралы?» құқық сабағы өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, адалдық пен парасаттылыққа тәрбиелеу. Кітапханашы А.Л.-Х. Ақаева сыбайлас жемқорлықтың не екенін айтып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің мысалдарын келтірді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның бабын оқып, осы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы айтты. Қатысушылар Серікбай А., Қоянбек Р., Омарова М. адамгершілік пен адалдық туралы өз пікірлерін айтып, осы тақырып бойынша сұрақтар қойды. Іс-шара соңында балалар әлемдегі барлық адамдар ақшамен бағаланбайды деген қорытынды жасады. Кітапхана оқырмандары үшін тақырыптық сөре және ақпараттық стенд рәсімделген. В рамках проекта «Адалдық алаңы» в Мадениетской сельской библиотеке открыт уголок «Парасат жолы», в котором проведен урок права «Коррупция! Что мы знаем о ней?» для учащихся 5 класса. Цель: формирование антикоррупционного мировоззрения, воспитание честности и порядочности. Библиотекарь Акаева А.Л.-Х. рассказала о том, что такое коррупция, привела примеры коррупционных действий, зачитала статью закона «О противодействии коррупции», говорила об ответственности за данные правонарушения. Участники Серикбай А., Коянбек Р., Омарова М. выссказывали свое мнение о нравственности и честности, задавали вопросы по данной теме. В завершении мероприятия ребята сделали вывод, что не все в мире ценится деньгами. Для читателей библиотеки оформлена тематическая полка и информационный стенд. | |
|
| |
| Просмотров: 82 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |