| 16.04.2021, 12:05 | |
|
#СевероКазахстанскаяобластнаябиблиотекаимениСабитаМуканова #Тайыншинскаярайоннаябиблиотека Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында бекітілген мақсатты индикаторлардың бірі азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейі болып табылады. Бүгін 15 сәуір күні «Адалдық алаңы» жоба аясында «Парасат жолы» орталығында «Сыбайлас жемқорлық және оның салдары» атты диалог алаңы өтті. Диалогқа ТКШ, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, жастар бастамалары орталығы, қалалық әкімдік, Агробизнес колледжі, мәдениет бөлімінің мамандары қатысты. Тайынша ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Арай Жәнібекқызы Каринова сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаны қатаңдату мерзімдері; Ашық әкімдік алаңының жұмысы туралы айтып берді; нормативтік - құқықтық актілер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама деген не; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Өтелбаева Б.С. карточкаларда сипатталған түрлі жағдайлардың көмегімен тест ойынын өткізді, бұл сыбайлас жемқорлықтың қандай түрі және осы әрекеттің зиянды салдары туралы жауап берді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы, парасаттылық идеяларын арттыру мәселелері көтерілді. Біздің қоғамдағы проблемаларға бей-жай қарамау. Барлығы сыбайлас жемқорлықты жою үшін қоғам, мемлекет және әрбір адам тарапынан жүйелі күш-жігер қажет деген қорытындыға келді. Мақсаты: құқықтық мемлекетті дамытудың негізгі шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Одним из целевых индикаторов, закрепленных в Антикоррупционной стратегии РК на 2015 -2025 годы, является уровень правовой культуры граждан. Сегодня 15 апреля в центре " Парасат жолы", в рамках проекта "Адалдық алаңы" состоялась диалоговая площадка «Коррупция и ее последствия». В диалоге приняли участие специалисты отделов – ЖКХ, Соцзащиты, Занятости, Центр молодежных инициатив, Горакимата, колледж агробизнеса, культуры. Главный специалист государственно-правового отдела Тайыншинского районного акимата Каринова Арай Жанибековна рассказала о сроках ужесточения наказания за коррупционные правонарушения; работе площадки открытый акимат; пояснила, что такое нормативно- правовые акты и антикоррупционная экспертиза; какая работа проводится по противодействию коррупции. Заведующая отделом обслуживания Утельбаева Б.С. провела тестовую игру, с помощью различных ситуаций описанных на карточках, ответить о какой форме коррупции идет речь и каковы вредные последствия данного поступка. Были также подняты вопросы повышения антикоррупционного сознания, идеи добропорядочности. Не оставаться равнодушными к проблемам в нашем обществе. Все пришли к выводу о том, что для искоренения коррупции необходимы системные усилия со стороны общества, государства и каждого человека. Цель: формирование антикоррупционной культуры, как основного условия развития правового государства. | |
|
| |
| Просмотров: 121 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |